Мұхтар Әуезов шежіресі
Мұхтар Әуезов шежіресі

Мұхтар Әуезов шежіресі ұхтар Әуезов Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Арғы атасы Бердіқожа Орта Азиядан ХІХ ғасырда Тобықты еліне көшіп келген.

Бердіқожа Құнанбайдың замандасы болған. Құнанбай бұл кісіні қадірлеп, өзінің ақылдас адамы деп білген. Бұған дәлел - "Абай жолының" бірінші кітабындағы оқиға. Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей арызбен Қарқаралыға барғанда, ол да көп адамды ертіп сол жаққа жүреді. Ішінде Бердіқожа да бар.

Бердіқожадан бес ұл туады: Үсен, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Кеңесхан, Самархан. Үсеннен Құлжан, Әлихан, Исахан туады. Ал Бураханнан Қожабырхан дүниеге келеді. Ол денелі, ұзын бойлы, палуан болған. Оны Құнанбай өз жанына серік етіп ұстаған. Құнанбай 60 жасқа келгенде Бердіқожаның кенже қызы Нұрғанымды алуына осы Қожабырхан себепші болған. Бұл оқиға "Абай жолының" екінші кітабында толық жазылған.

Бердіқожа қайтыс болғаннан кейін Әуез қожа деген атақ алып, жас кезінде Абай ауылының балаларын оқытқан. Бұл кісіні білетін көнекөз қариялар аса тоқтамды мінезді, ақыл ойлы, қатал мінезі де бар адам деседі. Әуез шежіре жазып, кейде Абайдың ақылдасатын кісісі болған.

Мұхтар Әуезов шежіресі

Әуездің бірінші әйелі Дінасылдан Омархан туады. Омархан - Әуездің осы бәйбішесінен қалған жалғыз бала. Дінасыл қайтыс болған соң Әуез Абайдың айтуымен Сақышты алған. Сақыш бес ұл, бір қыз туады: Арымбек, Қасымбек, Ағзам, Ахмет, Ғазиз, Райхан.

СұрақАбай айтпаса, Әуез Сақышты алмайтын еді. Мұхтардың Омарханнан туғанын білеміз. Сонда Әуездің Сақышты алуы Мұхтардың өміріне қандай өзгеріс әкелді?

Қасымбек Семейдегі медресені бітірген соң, орыс мектебі мұғалімдер семинариясында білім алып жүргенде Мұхтарды медреседе оқытып, кейін бес кластық училищеге түсірген. Қасымбек 1915 жылы ауырып қайтыс болған.

Мұхтар Әуезов шежіресі

Омархан қиылған қара көзді, томпақ бетті, дөңгелек мұрынды, аса сымбатты сұлу кісі болған. Ат жалын тартып мінген соң Әуез өзімен бірге ертіп жүріп ел танытқан. Омархан сондай зейінді, сөз тауып айтқыш, пысық болған екен.

Әуез інісі Самарханды Омархан екеуін аға-іні сияқты етіп тәрбиелейді. Самархан Семей қаласында сауда істеп жүргенде Омарханды өзімен ертіп жүріп, қаладағы ел-жұртқа үйір қылған.

Самархан Семейде ірі сауда істейтін Сәбікей деген өзбектің Мәдине деген қызын айттырып алады. Омархан Сәбікеймен бірігіп Алматы қаласына кіре тартуды ойластырады. Сөйтіп, 20-30 ат арбамен шілде айында Жетісуға келіп жатып, күзде Семейге алма әкеліп сататын болады. Осы сауданы істеп жүріп Алматыдағы ірі шаруашылығы бар Әбсемет деген қазақпен танысып, сол арқылы көп пайдаға батады. Екі-үш жылдан соң Әбсеметтің Нұржамал деген қызын айттырып, елге алып қайтады.

Қара торы, келбетті келген сұлу Нұржамал үш қыз, бір ұл туған. Жалғыз ұл - Мұхтар.

Мұхтар Әуезов шежіресі

Мұхтар Әуезов шежіресі

Мұхтар Әуезов шежіресі

Мұхтар Әуезов - менің сүйікті жазушым. Бұл кісіні жазушылықта Қоңыр деген есімі болған екен. Шымкенттегі жас драматургтер конкурсына пьесамды Қоңырбай деген есіммен жолдаған едім. Бір жағынан Байқоңырдан болған соң екі түбірдің орнын ауыстырғаным да бар. Мен де Мұхтар Әуезов секілді үйдің жалғыз баласымын.

Мұхтар Әуезов шежіресі

Негізгі мәліметті Мәжит Диқанбаевтың "Мен білетін өмірбаян" естелігінен алдым. Жалпы, бұл естеліктен екі-үш мәселенің ұшы шығып тұр:

а) Әуез Абай ақылдасатын кісілердің бірі болған;

ә) Қасымбек Мұхтардың білім алуына себепкер болған;

б) Самархан Омарханды кәсіпке үйреткен.

Абай атамыз данышпан болдым деп өзіне ғана сеніп жүрмеген. Кез келген мәселеде ақылдасатын кісілері болған. Тарихымызда бір-екі ауыз сөзбен ердің ісі шешілген заман болған. Ал қазір, керісінше, бір-екі ауыз сөзге бола бір елдің нанын жеп жүрген адамдар соттасуға дайын. Абай емеспіз, соған қоса ешкіммен ақылдаспаймыз. Біреудің ақылы - ауыр жүк.

Қасымбек Мұхтардың білім алуына әрекет етпесе, жазушының тағдыры басқа арнаға бұрылар ме еді. Ал қазір қай ағасы туысының баласын оқытуға жағдай жасап жүр? Мұндай жәрдемшіл әулет өте аз. Қаншама ата-ана бір баласын оқытамын деп қарызға белшесінен батқан. Білімсіз адамның надандыққа жақын жүретіні бар. Елдің жарқын болашағы білімді жастарға тәуелді.

Құрметті оқырман, Мұхтар Әуезовке арналған жазбалар жалғасын табады. Ұмыт болмас үшін блогыма жазылыңыз. Жазбаға қатысты пікір жазып, басқа да ақпаратпен толықтыруға болады.

Жансанов МедетЖансанов Медет
9 лет назад 17400
2 комментария
О блоге