Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасы
Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасы

Бұл кітап 1977 жылы Қазақ ССР-нің "Ғылым" баспасында жарық көрген. 802 беттен тұрады. Аннотациясында бұл кітаптың жазушының архивінде сақталған қолжазба мұрасына ғылыми сипаттама беру, жалпы жазбаларын хатқа түсіру екендігі жазылған. Кітап Мұхтар Әуезов творчествосын зерттеуші әдебиетші ғалымдарға, кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ оқырман қауымға арналған екен.

Кітапты филология ғылымының кандидаты Б. Сахариев (жетекші), Т. Әкімов, Р. Досымбекова, А. Қуанышбаев, Н. Мұхаметханов құрастырған. Ал жауапты редактор: Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі М. Қаратаев.

ЛММА. Кпр-1, №1

Аталуы "Абай". Роман (бірінші кітап)".

Романның "Қайтқанда", "Қат-қабат", "Жолда", "Шытырманда" деген тараулары.

"Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды" …||... "Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды".

Күлгін сиямен араб әрпінде жазылған автограф. Қолжазбаның басында кейін жарияланған, текске енбей қалған: "Қаладан, медреседен қайтқан шәкірттің өз ауылы, өз үйіне келгені осы бүгін екіндінің аз-ақ алды болатын" - деген сөйлем автордың өз қолымен сызылған. Қолжазбаның 24-беті жасыл, 1-беттің бас жағындағы: "Мұхтар Әуезов. "Оқудан қайтқанда" ("Абай" деген романнан үзінді") дегенді көк сиямен жазған. 80-119, 155-189, 197-230-беттер бұрын машинкада басылған парақтың екінші таза бетіне жазылған. Парақтың бұрынғы машинкада басылғандары латын әрпінде, 32-парақтың екінші бетіндегі "Бөжей, Байсал, Құнанбай" дегендерді де автор латын әрпінде жазған. Жазу қағазы сарғыш. Түптелген.

Автордың беттеуінде, архивтің беттеуінде де 1-230. Көлемі 29х21. Сақталуы жақсы.

Құрметті оқырман, біз бұл деректен не таптық? Осы картадан бізге Мұхтар Әуезовтің бір сөйлемді өз қолымен сызғаны, бір сөйлемді көк сиямен жазғаны, қағаздың түсі, көлемі белгілі болды. Бұл кітапта мұндай деректің әлі талайы бар. Арамызда жазушының көзін көрген ешкім жоқ шығар, сірә! Алайда осы кітап арқылы біз белгілі бір деңгейде оның нені қалай жазғанын, нені сызғанын, т.б. мәліметтерді біле аламыз.

Құрметті оқырман, сізге есеп берейін, шешімін тауып көріңіз. Шартты түрде: Мұхтар Әуезов - қарапайым пенде, оның жазып-сызғаны - амал-әрекеті. Енді бұл кітаптың не екенін табыңыз. Жауапты осы жазбаның астына пікірге жазыңыз.

Бұл кітапқа қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, мархабат!

Жансанов МедетЖансанов Медет
9 лет назад 5694
4 комментария
  • Біз секілді қарапайым оқырман мұндай жазбаның бар екендігін қайдан білсін. Осы жазбаңыз арқылы мәлім болып отыр. Сондықтан тағы да осындай ерекше естеліктерді таныстыра жүріңіз алдағы уақытта.
    9 лет назад
  • Қиындау жұмбақ екен)
    9 лет назад
    • Неге? :) Мұхтар Әуезовті пенде деп алыңыз, ал оның жазған-сызғанын пенденің амалдары деп түсініңіз. Енді осы кітап бізге Мұхтар Әуезовтің не істеп, не қойғанынан хабар берсе, оны Исламдағы қандай мәселемен байланыстыруға болады? ;)
      9 лет назад
О блоге