ұхтар Әуезов Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Арғы атасы Бердіқожа Орта Азиядан ХІХ ғасырда Тобықты еліне көшіп келген. Бердіқожа Құнанбайдың замандасы болған. Құнанбай бұл кісіні қадірлеп, өзінің ақылдас адамы деп білген. Бұған дәлел - "Абай жолының" бірінші кітабындағы оқиға. Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей арызбен Қарқаралыға барғанда, ол да көп адамды ертіп сол жаққа жүреді. Ішінде Бердіқожа да бар. Бердіқожадан бес ұл туады: Үсен, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Кеңесхан, Самархан. Үсеннен Құлжан, Әлихан, Исахан туады. Ал...