Қара жоңқа
Қара жоңқа

Семейден 80 шақырым жердегі Миялы-Тышқан деген бауырда Бөрлітөбе өңірі орналасқан. Тышқан тауының бауырында Ақылбайдың, одан күнбатыстағы Қаражырық деген сайда Мекайыл мен Ізкайілдің қыстауы болған. Бұлар Әйгерімнің қыстауы деп аталған. Ал Әуездің қыстауы Бөрлітөбеде еді.

Қара жоңқа

Әуез Бөрлітөбені інісі Самарханмен қыстайтын. Ол қатты қыстарда мал жұтамайтын, қой-ешкіге бүйрекқараған мен аяққарағаны жақсы ықтасын аймақ болған. Етектегі аяққарағанның ортасында 6-7 гектар қара топырақты жерде Әуездің үлкен үйі мен кіші үйі жазда егін салып, әр жылы астықтан мол өнім алатын. Жинап алған арпа, бидайлары екі үйге молынан жетіп, артығын ауыл маңайындағы кемтарларға үлестіріп беретін.

ОҚЫҢЫЗ! Мұхтар Әуезов шежіресі

Қыстаудың күншығыс жағындағы Сарадыр, Қарадыр деген таулардың күнгейінде қыстың ортасына дейін қой-ешкі жайылып, қыстан аса күйлі шығатын. Күнбатыс жақта Қарасу өзені ағады. Оның аяқ жағынан Әуез қожаның бұйрығы бойынша биіктігі жарты метрдей шымнан бөгет жасалған екен. Жазға салым су тасығанда 30-40 гектар жерге су жайылып, екі үйдің малына қысқа мол жететін шөп шауып алынатын.

Қара жоңқаБөгетке қыста мұз қатып, Мұхтар және басқа балалар каникулға келгенде оның үстінде сырғанақ ойнаушы еді. Ал жазда суға қаз-үйректер келіп қонған кезде Мұхтар қос ауыз мылтықпен аңшылық жасайтын.

Әуез қожаның екі қыстауының бас жағындағы 3 шақырымдай жерде Бердіқожаның балалары - Үсеннің, Бураханның, Кенжеханның, олардың балалары Қожабырхан, Әзімхан, Құлжан, Смайылханның қоралары болған. Қожаның басқы ауылы деп аталған. Бұлар Қаражырық, Сарыжырық деген екі таудың сайларынан ағып жататын бас бұлақтардың орталығында қыстайтын.

Қара жоңқа

Бердіқожаның балалары Үсен, Бурахан, Кенжехан, Әуезханның екі жерге қоныстанып, шұрайлы жерлерді алуына себеп болған нәрсе Бердіқожаның Құнанбаймен сыйлас болып, Нұрғаным деген кенже қызын оған тоқалдыққа беруінен, Әуездің Абаймен сыйлас, құдалас болғандығынан болса керек. Себебі Ырғызбайдың тұқым-тұқиянынан басқа аталардың балаларына құйқалы жерлер тиюі мүмкін емес еді.

Қара жоңқа

Бердіқожаның басқа балаларынан бұрын Әуез қожаның екі үйі мәдениетке ертерек көшкен. Қасымбек, Ахмет, немересі Мұхтар жастайынан қалада оқып, жазда демалысқа келгенде ауылда таза жүретін. Мұхтарды апа-жеңгелері "Қара жоңқа" деп атайтын. Себебі кішкене күнінде жуас, аңқау болған көрінеді.

Мұхтар демалысқа келгенде ер балалар мен қыздарды жинап алып, кешке дене шынықтыру деп ойнатып, жарыстырып, күрестіріп, қарғытып, бастан тік тұрғызып, кеудені жерге тигізіп үйрететін. Ал күндіз қыста өткен сабақтарын сұрап, Абайдың "Сегіз аяқ", "Қор болды жаным", "Көзімнің қарасы" өлеңдерін айтқызып, хор үйретуші еді. Басқа да ақындардың өлеңдерін жаттатқызатын. Сөйтіп, екі-екіден жекедей немесе бір қыз бен бір ер балаға біріктіріп, барлығы үйренгеннен кейін хорға қосқызып айтқызатын.

Құрметті оқырман, Әуезовтануға арналған бірінші жазбаны да (Мұхтар Әуезов шежіресі) оқуды ұмытпаңыз. Блогыма жазылыңыз, пікір жазыңыз, бөлісіңіз. Келесіде блогымнан Мұхтар Әуезовтің аңшылығын, оның қалай үйленгенін де оқи аласыз. Бұл жазба да Мәжит Диқанбаевтың естелігінен алынды.

Жазушы, Мұхтар Әуезов, қара жоңқа, қыстау, Бөрлітөбе, Мәжит Диқанбаев
Жансанов МедетЖансанов Медет
8 жыл бұрын 3987
2 пікір
Блог туралы