Google Docs - тегін онлайн-офис
Google Docs - тегін онлайн-офис

Құрметті оқырман, назарыңа Google Docs онлайн-офис сервисін ұсынамын. Бүгінгі таңда бізді қағазбастылықтың жаулағаны жасырын емес. Сонымен қатар интернет қолданушылары да файлдарын бұлттарда сақтайтын болды.

Минималист ретінде флешка мен компьютерге Microsoft Office бағдарламасын орнатудың орнына Google Docs сервисін қолдануды ұсынамын. Бұл сервисте жұмыс істеу үшін:

1) Google аккаунт ашу керек. Бір жағынан қолданушылардың mail.ru-дан gmail поштаға көшкені абзал болар еді.

2) docs.google.com сілтемесіне өту керек. Ешқандай бағдарлама, қосымша орнатудың қажеті жоқ. Айтпақшы, бұл офистің смартфонға арналған нұсқасы бар. Онда құжаттармен оффлайн түрде жұмыс істеуге болады.

Бұл сервистің мүмкіндіктері көп. Мына видеоны көрген соң түсінікті болады деп ойлаймын. Бұл видеоны компьютерде көруге кеңес беремін.

Жансанов МедетЖансанов Медет
9 жыл бұрын 4357
2 пікір
Блог туралы