Жақсы сөз - жарым ырыс
Жақсы сөз - жарым ырыс

Жалпы, қоғамды дүрліктіретін жалған ақпараттың WhatsApp арқылы спам боп тарайтынын естігеніммен, жеке өзіме ондай хабарлама келмеген екен. Мен де WhatsApp арқылы тек екі-үш адаммен ғана хабар алмасатын адаммын. Интроверт болған соң көпшілікпен қарым-қатынас жасай бермеймін.

Кеше YouTube-та "Whats App" деген канал аштым. Бұл каналдың болашағы қандай болатынын білмеймін. Бірақ жұрттың WhatsApp арқылы “прикол”, масқара видеолар, мағынасыз суреттермен бөлісетіні белгілі. Жалғыздың үні шықпас, дегенмен, "Whats App" каналын ашып, қазақша, сапалы, мағыналы, ақпараттық бағыттағы, ұзақтығы бір-екі минут болатын видеоларды жариялап отыруды мақсат еттім. Әзірге "Бүркітке қатысты атаулар" жазбасынан 10 видео жасадым.

Ерінбесеңіз, видеоларды жүктеп алып, WhatsApp-та бөліссеңіз болады. Тіпті, каналға жазылсаңыз, поштаңызға жаңа видеоның жарияланғаны туралы хабарлама барып тұрады.

Жансанов МедетЖансанов Медет
8 жыл бұрын 5021
0 пікір
Блог туралы