Бақытсыз адамның өмірлік 7 ережесі
Бақытсыз адамның өмірлік 7 ережесі

Өмірде адам санасын шырмайтын, пенденің өзін кінәлауға жетелейтін сенім бар. Тек көпшілік мұндай сенімге құрылған ойдың астарына үңіле бермейді, я проблеманың тамырын шабатын балтасы жоқ.

1. Әрбір ісімді сәттілік қолдауы тиіс.

Сәтсіздік - жеңіліс емес. Оны кері байланыс деп қабылдау керек. Кері байланыс арқылы іс-әрекеттің жоспарын өзгертіп, қабілетімізді арттырып, күш жинауға болады. Сәтсіздік түбі жеңіске жеткізетін жаттығу іспеттес. Шын жеңімпаз көздеген мақсатына сәтті қадамдар арқылы ғана жететін адам емес. Жеңімпаз атына лайық адам сәтсіздікке де қарсы тұра білуі керек.

2. Бәрі мені құрметтеп, жақсы көруі керек.

Құрметке ие болу бақыттың бір белгісі болғанымен, оның негізі емес. Құлдың құрметі Шығыстан Батысқа жеткенімен, Алла Тағаланың алдында шыбынның қанаты құрлы құны болмайтыны хадистерде айтылған.

3. Төр болмаса, көр болсын!

Алла Тағала Құран Кәрімде (“Бақара” сүресі, 155-аят): “Әрине, сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!” - дейді. Кейде біз жақсылық деген нәрсенің артында жамандық тұруы мүмкін, ал жамандық деп қашқан нәрсеміз жақсылық болуы да мүмкін. Сондықтан кез келген жағдайда мәселенің байыбына бармай жатып шешім қабылдай салуға болмайды.

4. Атақты болу - құдірет, белгісіз болу - қасірет.

Адамның бақытты болуы оны қанша адамның білетініне, құрмет тұтатынына байланысты емес. Жалпы, атақ пен мансаптың соңына түскен адамнан гөрі қарапайым жарасымды жанұя бақытты.

5. Мен - жаманмын!

Кейде адамдар өз қателігі үшін өздерін кінәлап, сөгумен болады. Бірақ мұндай әрекет қателіктен сабақ алудың орнына адамға тек зиянын тигізеді. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) жеткізген хадис бар: “Сендерден ешкім ешқашан: “Мен - жаманмын!” - деп айтпасын, бірақ: “Мені нашар деуге лайықпын”, - десін” (әл-Бұхари, Мүслим).

6. Жұрт сөзі маңызды.

Негізі, адамның құндылығын жұрттан бұрын сол адамның өзі де білмейді. Пенденің табиғаты Алла Тағалаға ғана аян. Сондықтан жұрт не ойласа да, одан адамның құндылығы артып кетпейді.

7. Менімен келіспегеннің бәрі - менмен.

Адамды жақсы көру әрдайым оның сөзін сөйлеуді, пікіріне қосылуды білдірмейді. Жай ғана шынайылықтың өзі жетеді. Ал үнемі келісе беру күмән туғызады.

Ася Гагиеваның блогынан

Адам, өмір, ереже, бақыт, Ася Гагиева
Жансанов МедетЖансанов Медет
9 жыл бұрын 50368
6 пікір
Блог туралы