Саид Ибрагимов - Ислам дінінің дикторы
Саид Ибрагимов - Ислам дінінің дикторы

Саид Ибрагимов. Бұл есім маған бүгін таныс болды. Бұл кісіні білмейтіндер өте көп деп ойлаймын. Мен үшін бүгінге дейін жұмбақ болған адам еді. Аллаға шүкір, Алла Тағала ниетіме қарай діни видеолардың дикторын көрсетіп берді.

Саид Ибрагимов деген кім?

Саид Ибрагимов өткен жылы ННТ арнасына сұхбат берген еді. Сонда негізгі мәлімет көп айтылды. Саид бауырымыз Дағыстанның Буйнакск қаласында дүниеге келген екен. Мектеп бітірген соң болашақ мамандығы жайлы көп ойланған. Дауыс жұмысына қызыққан. Дегенмен, видео дыбыстаудан алыс болған.

2004 жылдары Буйнакск қаласындағы "Пирамида" радиостанциясында тәжірибеден өтіп, екі-үш ай білім жинаған. Кейін АҚШ-қа кеткен.

Саид АҚШ-қа неге кеткен?

Саид бала кезінен ағылшын тіліне жақын болған. Әкесі де болашақта АҚШ-қа баруың мүмкін деп осы тілді меңгеруіне үлес қосқан. Ал АҚШ-та 1994 жылдары көшіп кеткен әкесінің бауыры бар екен.

Саид туған жерінде футболмен айналысқан. АҚШ-та тәжірибелі менеджерді тауып, футбол ісін жалғастырғысы келген. Клуб жақсы ойыншы екенін дәлелдейтін видео, марапат қағаздарын сұрап, сынаққа шақырған. Бірақ бауырымыз өзіне сенімсіз боп бармаған.

АҚШ-тан оралған Саид

Футболдан біржола бас тартқан соң Саид Нью-Йорк қаласындағы қоғамдық колледжге оқуға түскен. Әйтсе де, елге қайтатын болған соң оқуды аяқтамай, 2008 жылдың басында қайтып келеді.

АҚШ-та бар-жоғы төрт жыл өмір сүрген. Мектепте, университетте ағылшын тілінен үздік болса да, АҚШ-та еркін сөйлесе алмаған. Елде үйренген ағылшын тілі АҚШ-та дым емес екенін түсінген. Екі жылдың ішінде ғана америкалық боп шыға келген.

Махачкала

Саид туған жерге жеткен соң төрт жылда шаң тимеген аяқ-киімі осында ластанған екен. Елдегі тұрмыс-тіршілік мұхиттың арғы жағындағы комфорттан айырған соң бауырымыз психологиялық күйзеліске ұшыраған. Бір ай бойы дұрыс тамақтана алмаған. Көшедегі жұрттың қатулы қабағы да теріс әсер еткен.

Шетте жүргенде Махачкалада "Ватан" радиосының ашылғанын естіген. Дауыс өнерінен алыстай қоймаған соң бір-екі бақ сынаудан кейін осы радиоға жұмысқа қабылданған.

Саид Ибрагимовтың шығармашылығы

Саид дикторлық жұмысын Мұхаммед ас-Саққафты дыбыстаудан бастаған. Ал Әли Джифриді дыбыстау қиын екен. Себебі ол кісі жылдам сөйлейді, шешендігі де бар. Бауырымыз дыбыстауда эмоциялық реңкке көп көңіл бөлетінін жасырмады.

Саид Ибрагимовтың Azan.kz каналындағы бір жұмысы:

Жансанов МедетЖансанов Медет
8 жыл бұрын 5129
2 пікір
  • Рахмет, тамаша дерек екен. Осы диктордың даусы жақсы, құлаққа жағымды. Тыңдаған адамды шаршатпайды.
    8 жыл бұрын
    • Иә, Абдусамат аға, осы дауыстың иесі кім екен деп біраз іздегем. Тапқан кезімде қатты қуанып кеттім.
      8 жыл бұрын
Блог туралы